Қаланың дамуы – руханияттың өркендеуі

Білім беру мекемелері мен жастар және спорттық мекеме өкілдерімен қала басшысы кездесіп, есеп берді. Қаланың дамуы туралы ақпарат таратты. Руханияттың қайнар көзі болған аталмыш салаларда өркендеу кең етек жайып келеді. 2017 жылы қаламыз айтарлықтай дамып, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштеріміз алға басқан. 2017 жылы атқарылған игі істерге білім мекемелері мен спорт саласының қызметкерлері мол үлес қосты. Жастар саясаты жолға қойылған.
Қала әкімі Әнуар Күмпекеев өз баяндамасында білім мекемелерінде қол жеткізген табыстарды да атап өтті. Жаңа реформаларды жүзеге асыру белең алуда. Сол арқылы білімді жас буынды тәрбиелеп шығару жалғасып келеді. Атап айтқанда, №5 С.Сейфуллин атындағы КМЛ ұжымында 12-жылдық білім берудің сынақ кезеңі тәжірибеге енгізілген. Бұл бағдарлама өз жемсін беруде деп толық айтуға болады.

Мұнан өзге мұғалімдердің қол жеткізген табыстары да аз емес. Табысты мұғалімдер мен жақсы оқитын шәкірттер қаламыздың беделін арттырып отыр. Атап айтқанда №6 ГМ мұғалімі А.Кинцель «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енді. «Жыл мұғалімі» атағына да қол жеткізді. Сол сияқты, Анкарада өткен ментальды арифметика олимпиадада Т.Ташип үздік деп тән алынған, басқа да табыстарымыз көп деді баяндамашы.
Кездесу барысында басқа да мәселелер сөз болып, көлік жолдарының жөндеуі, автопарк жаңғыруы, жолаушылар тасымалы сынды мәселелер алға тартылып, бұл бойынша қала әкімі өз жауаптарын берді.
Қаланың дамуы – руханияттың өркендеуі болып тұр. Бірлесе еңбек ету арқылы түйткілдердің түйінін шешеміз.

Ақшам-ақпарат



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert