Қарабұлақ – құтты қоныс

Қазақтың алтын бесігі, салт-дәстүрі, өлең-жыры, мәдениеті мен адамгершілік ортасы болған ауыл қазіргі таңда жыл санап көркейіп, даму барысы мемлекет тарапынан ерекше назарға алынып келеді. Бұл елдің өркендеуіне өз септігін тигізуде. Степногорск өңіріне қарасты Қарабұлақ аулында болып қайтқан біз тұрғындардың тұрмыс тіршілігімен танысқан болатынбыз.

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бастау алғалы республика аумағында кең ауқымды қамтыған шаралар өз жұмысын жандандыруда. Бағдарлама аясы ауыл аймақтарға да бағытталған. Осы тұрғыда біз Қарабұлақ аулының тұрмыс тіршілігі мен ауылды дамыту мақсатында атқарылып жатқан бірнеше шараларға куә болдық. Ауыл аумағын абаттандырып, дамыту жолында бірнеше маңызға ие жұмыстар атқарылып жатқан жайы бар.

Қарабұлақ ауылының әкімі Қайыргелді Әйтімов осы орайда ауыл аймағында атқарылып жатқан жұмыстардың жайын баян етті.

Ауыл ішін абаттандыру жұмыстары пысықталып,үйлердің жанында арнайы қоқыс шығаратын жаңа контейнерлер орнатыла бастаған. Бұл ауыл тұрғындарына өте қолайлы жағдай жасауда. Ауыл ішінде қоқыстарды шығару мәселесі өзекті болып келген еді, қазіргі таңда бұл мәселе оңтайлы шешімін тапқанына кент тұрғындары қуанып отыр. Қоқыс жинаушы сауыттарды орнату бойынша алдын ала тұрғындармен жиын өткізіліп, бұл ұсынысты көпшілік қолдаған. Ауыл әкімінің ақпаратына сай, қазіргі таңда осында 10 контейнер орнатылып, болашақта енді оның санн 40-қа жнткізіп, көбісі көше бойларында орнатылуы жоспарланған. Контейнерлер демеушілердің орасан зор көмегінің арқасында орнатылып, ауыл шырайын көркейтті. Қоқыс сауыттарына «Гарант АвтоСервисПлюс» мекемесі қызмет көрсетіп, барлық түрдегі тұрмыстық-қатты қалдықтары қалалық орталық қоқыс алаңына тасымалдайды.

Ауыл аймағын абаттандыру, көше бойларын көркейту шараларының аясында тұрғын үйлердің аулаларында бүлдіршіндерге қажетті ойын және спорттық алаңдардың орнатылуы зор маңызға ие. Осы тұрғыда ауыл әкімі Қайыргелді Әйтімов қала тұрғындарына аталмыш ойын алаңдарын жүзеге асыруды ұсынып, бұл идея да тұрғындар тарапынан қолдауға ие болды. Сөйтіп, бүгінде ауыл әкімінің бастамасымен спорттық-ойын алаңдары бой көтерді.

Бұл орайда қарапайым ауыл тұрғындарының көңілдері марқайып қалған. Соның бірі Людмила Арсентьева өз ойын ортаға салудан шет қалмады:

Аталмыш алаңдарды орнатуда кент тұрғындары белсене атсалысқан. Аға буынның бұл өнегелі ісінің жүзеге асырылуына ауылдың жас тұрғындары да өз үлестерін қосқан. Қазіргі таңда бұл алаңша балалардың бос уақытында ойнап, көңілді дем алуларына өз септігін тигізіп, спорттық жабдықтармен щұғылдануға жағдай жасалуда.

Балалар шаттығында шек жоқ. Ауыл аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының қарқынды жүргізілуі, ауыл келбетін көркеюіне оң өзгеріс енгізіп отырғандығын жергілікті тұрғындар мақұлдап отыр. осындай ойын көпшілікпен бөліскен қарабұлақтық ханым Күлбағдан Жартаева тұрғындар атынан разылыған жасырып қалмады.

Ауыл әкімі Қайыргелді Әйтімов «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, көше арасындағы жолдарды тегістеп, түзетуге топырақтар төселгенін айтып өтті. Арнайы Астана қаласынан келген мердігер ұйымы көше араларын өңдеп, көлік жолдарының жағдайлары жақсарып қалғандығын ауыл әкімі мәлімдеп отыр.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын кеңінен дамытып, табиғи өнімдерді тасымалдау ауқымын кеңейту мақсатында ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік кооператив құрылды. Бүгінгі таңда кооператив құрамында 3 мекеме бар, олар жұмыс қарқынын ұлғайтып, сапалы қызмет көрсетуде. Қайыргелді Әйтімовтің мәлімдеуінше, кооператив құрамына кез-келген ауыл шарушылығымен айнлысатын мекеме болсын, жеке кәсіпкер болсын, кіре алатынын көрінеді. Біз өзіміздің осы жолғы сапарымыз барысында қала іргесіндегі ауылда атқарылған жұмыстардың қарқыны жоғары деңгейде екенін аңғарып, көріктілігімен ерекшеленіп, көз тартатын ауыл тұрғындарының әрдайым жұмыла түсіп, ауылды өркендетіп жатқаны бізді де қуантты.

Ф.ШӘМШИЕВА

Страница создана: 19.08.2016 11:29
Страница обновлена: 19.08.2016 11:29
Просмотров:


ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert