Ауыл аймақтардың өркендеуі мен рухани бағыты

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру ұшырасулары өңірімізде кең қанат жая түсуде.

19 қаңтар күні Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев Бөгенбай ауылдық оқругі мен Қарабұлақ ауылы әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру жиналыстарына қатысты. Бөгенбай ауылдық округіне қарасты Степногорск ауылында ауыл әкімі Жәнібек Өтісхан тұрғындар алдында есеп берді. 2017 жылдың қорытындысы туралы кең ақпарат таратты. Ауыл шаруашылығын дамыту біршама кең қанат жая түскені байқалады. Ауылдың 8 кісісі 19 миллион теңгенің несиесін алып, 70 бас мүйізді ірі қара мал сатып алған. Осы бағытпен мал басын арттыру жалғасын табады деп отыр ауыл әкімі.

Ауыл аймақты абаттандыру да тоқтап қалмаған. Жыл бойы ауыл маңынан 400 мың тонна қоқыс шығарылып, аула тазартылған. Көлік жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізген жайы бар.

Ауылдың болашағы туралы жоспарлармен бөліскен аймақ басшысы кәсіпкерлікті өрістету арқылы мал басын арттыру басты мақсат екенін жасырмады. Шағын бизнесті өрістету күн тәртібінен түспейді. Ауыл жолын жөнге келтіріп, абаттандыруды тоқтатпау лазым. Санитарлық тазалық қоса атқарылады. Ауылды таза ауыз сумен қамту да өркендей түседі. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, білім беру, жастар саясаты мен жергілікті басқару жұмысында оң өзгерістер байқалады. Тұрғындар мал бағу үшін қосымша өріс керек деп отыр. Ғаламтормен қамту да күн тәртәбінде болуы керек екенін айтты.

Ауылдың өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген азаматтар осы басқосу кезінде қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында бастауыш мектеп басшысы Еңлік Медрісова, мұғалім Ахштат Дорветхан және кітапханашы Надежда Глатко бар болатын.

Осы күні Қарабұлақ ауылының әкімі Қайыркелді Әйтімов те тұрғындар алдында есеп берді. Ауылда мал шаруашалағы жеке шаруашылықтар арқылы өркендеп келеді деп отыр ауыл басшысы. Шаруа қожалықтарының болашағы зор. «Қарабұлақ СПК» да ұйымдастырылған. Онда мал соятын пункт құру жоспары түзілген. Шағын бизнесті өрістету күн тәртібінен түскен емес. Жергілікті кәсіпкер наубайхана ашады, ағаш өңдеу цехын өрістетеді, сүт, сыр, шұжық өндіруді қолға алады, сонымен бірге кулинария тағамдарын пісіріп сатады. Әлеуметтік сала мен коммуналдық жүйедегі атқарылған шаруалар да сөз болды.

Ауыл басшысына аймақта мүйізді ірі қара мал басын арттыру тапсырылды. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану керек. Ауыл адамдарын жұмыспен қамтып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, жолдардың шұңқырларын жойып, жолды қалыпқа түсіру керектігі айтылды.

Кездесу соңында ауылдың өркендеуіне үлес қосқан азаматтар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Қошеметке бөленгендер қатарында орта мектеп директоры Маруа Тәуірбаева, кәсіпкер ханым Гүлмайра Баймақова және ауыл имамы Ғариполла Кенжин бар еді. Қала әкімі ауыл азаматтарына игі істерге белсене қатысқандары үшін алғыс сезімін жеткізді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert