Ауылдың дамуы – руханияттың өркендеуі

Изобильное ауылы қалаға соңғы уақытта енген елді мекен болып табылады. Мұнда біршімі игі істер атқарылып жатыр. Ауыл әкімі Руслан Жақсбеков тұрғындар алдында есеп бергенде осындай игіліктер турады атап өтті. Жыл сайын тұрғындарға есеп беретін аймақ басшысы биыл да рухани даму өрістеп жатыр деп отыр. Ауылдың адмуы – аймақтың дамуы болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері жаман емес. Тұрақты өрістеу кең қанат жайып келеді. Руслан Жақсыбеков шағын кәсіпкерлік өрістеп келеді дейді. Кәсіпкерліктің өрістеуіне мол мүмкіндіктер жаратып берілген. Әлеуметтік нысандар қатарында орта мектеп, ауылдық клуб, кітапхана, ФАП және байланыс нысаны бар.
Наубайхана да жұмыс жасайды. Үш бірдей сауда нысаны бар. Онда азық-түліктер мен өндіріс тауарлары сатылады. Мешіт те рухни нысан болып отыр. Мұсылман қауымы осында құран оқуға жиналады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы ауылда жүзеге асырылуда. Изобильное ауылының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген кәсіпкерлер несие алуға мүмкіндіктер туған. Мал шаруашылығын дамытуға 6 миллион теңгенің несиесін алған. Мал басы жыл сайын өркендеп, көбейіп келеді.
Баяндамашы осындай игіліктерді атап көрсетті. Төрт түлік мал ауылдың негізін қалыптастырады. Ауылдың абаттануы басты назарда болған. 200 тонна қоқыс шығарылған. ОРталық аула тазартылып, көркейтілген. 75 түп ағаш көшеті отырғызылған.
Құқық қорғау жұмыстары да жақсы жолға қойылған. Өзін-өзі жұмыспен қамтуға аса мән беріліп отыр дейді ол. Жергілікті басшылық ауылдың дамуына мән беріп отырады.

Ауылдың дамуына мол үлес қосқан азаматтар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Олар: пошта байланысы бөлімшесінің меңгерушісі Мерует Куанышпаева мен жеке кәсіпкер Қайргелді Қазиз болатын. Қала әкімі ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелер бойынша сұқбаттасып, игі жұмыстарына табыстар тіледі. Ауылдың дамуы жақсы бағытпен өркен жаюда.

Ақшам-ақпарат

Страница создана: 25.01.2018 09:18
Страница обновлена: 25.01.2018 09:18
Просмотров:


ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert