Барлық тауарлар «Рахмет үшін» бағасыз болады

Степногорск қаласының тұрғындары өзіне ұнаған киімін «Рахмет» деген сөзді айтып алатын болады. Бірақ, бұл тауарларды адамдардың кейбір санаттары ғана ала алады. Олар – аз қамтылғандар, көп балалы отбасы балалары мен жетім балалар. Бұл бастаманың қолдаушысы болып Степногорск қаласындағы іскер әйелдердің Кеңесі, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, қалалақ ардагерлер кеңесі, Степногорск қаласының кәсіпкерлікті қолдау орталығы және «Жас Отан» ЖҚ мүшелері көзге көрініп, қарапайым болмаған сауда нысанын жолға қойып отыр. Еріктілер парақшалар таратып шығуда.

Бұл жерде қалалықтардан түрлі киімдер қабылдануда. Балалар киімдерінен бастап, тұрмысқа қажетті тауарлар да алынады. Сондай-ақ, азық-түліктер, олар тоңазытқышсыз ұзақ сақталатын түрлері болып табылады. Мұның бәрі қатарымен қабылдана береді. «Рахмет үшін» дүкені – секонд-хенд емес. Қажет деп тапқан адамдар өзіне керегін алатын болады. Сәннен шығып қалды деп кимей қалдырған таза киімдер өзгенің керегіне жарайды. Мейірімділік акциясының бастамашылары тауарларды қарап шығып, бақылайды. Ол сатып алушылардың талабын қанағаттандыруы керек.

Сонымен бірге Степногорск қалалық мешітіне қолдау көрсеткені үшін алғыс сезімін білдіреміз. Ғимараттан орын берді. «Рахмет үшін» деген дүкен жұмысына қаладағы іскер әйелдер кеңесін басқаратын Фарида Боташқызы, оның еңбегі зор.

Біз кәсіпкерлер қоғамына үндеу жариялап, барша іскер азаматтарға, қарапайым жұртшылыққа, көмекке мұқтажа адамдарға қол ұшын созуға шақырамыз.

Страница создана: 11.08.2016 09:30
Страница обновлена: 11.08.2016 09:30
Просмотров:


ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert