Басшылардың есебі және рухани маңызды шаруалар

Өткен жылдың қорытындылары сараланып, келер жылдың мақсаттары айқындалатын жергілікті атқарушы орган басшыларының халыққа есеп беру кездесулері ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларына жоспарланған. Мемлекет басшысының жарлығын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылатын жиындар барысында тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалып, оны шешуде шаралар қолға алынатын болады.

Қаңтар айында дәстүрге сай атқарушы билік басшыларының халық алдындағы есебі тыңдалатыны баршамызға белгілі. Жыл бойына атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспарларымен, сонымен бірге халықты толғандырған сауалдар жолданатын кездесулер ағымдағы айдың 17-нен бастау алғалы тұр. 2017 жыл да қаламыз тарихында елеулі оқиғалармен есте қалары сөзсіз. Жаңадан ашылған өндірістік кәсіпорындармен бірге, өңіріміздің абаттандыру шаралары да оңтайлы жолға қойылды. Әлеуметтік маңызға ие нысандар бой көтеріп, мектепке дейінгі білім ошақтары қолданысқа берілді. Осы және өзге де оңтайлы нәтижелерге ие болған маңызды шаралар баяндалатын кездесулер барысы газет беттерінде басып шығарылатын болады. Естеріңізге салып өткен жөн, 17 және 23 қаңтар аралығында Бөгенбай, Изобильное, Қарабұлақ, Қырық құдық, Новокронштадка, Степногорское ауылдарында және Ақсу, Бестөбе, Заводской мен Шаңтөбе кенттерінде есеп беру жиындар жүзеге асыралады. Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің есебі 25-26 қаңтар күндері білім мекемелері мен еңбек ұжымдарында тыңдалынады. Ал қала басшысының қорытынды есебі ақпан айының 7-ші жұлдызында жүзеге асады деп жоспарлануда.

Фариза ШӘМШИЕВА



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepakimkan@mail.ru
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert