«Бақытты ана – бақытты бала» атты рухани мәндегі кездесу

12 қаңтар күні мүмкіндігі шектеулі балалармен «бақытты ана – бақытты бала» атты кездесу болып өтті. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өтіп отырған ұшырасу балалардың көңілін көтеруге бағытталды. Жаңа жылды дәріптеген кездесу әлеуметтік көмектің мәнін де ашып берді. Жаңа жылды жарқын жүзбен қарсы алған балалар әлеуметтік жәрдемді де сезінуде. Бала бақыты дегеніміз – ана бақыты болып табылады.

Бөлімше меңгерушісі Л.Белоглядова балаларды құттықтап, игі тілектерін жеткізді. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қамқорлықтың мәнін айтқан. Әлеусметтік жақтан дамып, рухани жаңғырудың өркен жаятынын жасырмаған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың балаларға қамқорлықты арттыруға қаратылған құжаттары осыны меңзейді.
Балалықтан мүгедек балаларға қамқорлық көрсетудің жаңа бағытын енгізіп, жәәрдемақы түрін пайдалануға қосып отыр. Мұның өзі балалардың мейірімге бөлене түсетінін көрсетеді.
Мұнан әрі «Әйелдер сәулесі» ҚБ жетекшісі Оксаны Волкова-Михальская өз ойын толықтырып айтып берді. Бала саулығынан артық құндылық жоқ деп отыр баяндамашы. Біздің балалар ақылды, өнерпаз, тәртіпті. Олардың болашағы жарқын.

Жаңа жоспарлар бар. Оны жүзеге асыру арқылы рухани жақтан өркен жаямыз.
Қамқорлық қолын созған кәсіпкерлерге айтар алғыс мол. Олар: Смагина Л.П. және Омельяненко В.Н. Саламатты болу үшін балаларға зор жағдай жасау керек. Осы бағытта талмай еңбек ете береміз.

Ақшам-ақпарат



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert