Бестөбе кентінің рухани жаңғыруы

Жыл сайын халық алдында есеп беретін кент әкімдері биыл да сол дәстүрді жалғастырып отыр. Бестөбе кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және рухани жаңғыруы жайлы кент әкімі Мұсылманбек Исмағұлов ел алдында есеп берді. Басқосуға Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев қатысып отырды.
Бестөбе кенті аймағымыздың ең бір маңызды экономикалық нүктесі болып табылады. Онда алтын өндірушілердің нысандары орналасқан. 2017 жылы «Қазақалтын Technology» ЖШС кен байыту фабрикасы ашылған болатын. Осының арқасында жаңадан 170 жұмыс орыны ашылған.
Өткен жыл бестөбеліктер үшін жаңалыққа толы жыл болғаны рас. Кент тұрғындары ауыз сумен толық қамтылып отыр. Бұл заман талабына сай келеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы тапсырмалар бұл аймақта да жүзеге асырылып жатыр. Жастардың спортқа деген қызығушылығы артқан. Жаңа заманауи спорт алаңы ашылды. Шағын футбол ойнауға зор мүмкіндіктер жаратылған. Мұнда жасанды төсеніш төселген.
Бестөбе кентінің аулаларын тазарту мен абаттандыру жұмыстары жыл бойы жүргізілген. 2 табиғи қоқыс алаңы тазартылған. Тазалық айлығы кезінде біршама шаруалар атқарылған деп отыр кент әкімі өз баяндамасында. 950 тонна қоқыс жиылған. Сол сияқты, 500 түп ағаш орығызылған. Көшеттердің жақсы өсуіне жағдай жасалған.
2018 жылы атқарылатын шаруалар да аз емес деп отыр баяндамашы. 150 орындық балалар бақшасының құрылысы өз мәресіне жететін болады. Екі бірдей азық-түлік дүкені, жеміс сататын дүкен құрылады. Дөңгелек жөндеу орыны мен тігін шеберханасы есік ашады. Шаштаразхана бен тойхана да салынуда. Мұның бәрі кент тұрғындарының қажетіне қызмет етеді.
Инфражүйелер де қалыпқа келтіріліп, игі істер жалғасын табады дейді кент әкімі. Жол жөндеуге келтіріліп, жарықтандыруға шамдар орнатылады. Абаттандыру істері тоқтап қалмайды.
Кент әкімінің тұрғындар алдында есеп беру жиналысы талап деңгейінде жүргізілді. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын беріп, оған жауаптар алды. Кенттің дамуына мол үлес қосқан азаматтар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Қошеметке бөленгендер қатарында өртке жақсы бөлімше басшысы Асқар Әлжанов, жеке кәсіпкер Гүлнар Осипова мен Еркебұлан Кошанов және №1 ОМ жеке шаруа меңгерушісі Марат Шахметов бар еді.

Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев кенттегі жаңа нысандарды барып көрді. Спорт залы мен «Fast Food» павилонына бас сұқты. Сол сияқты «Doner Grand» киоскісіне де келді. Бестөбеде осындай жаңа нысандар бой көтеріп отыр. Шағын бизнес кентте кең қанат жая түсуде.

Ақшам-ақпарат



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepakimkan@mail.ru
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert