Депутаттар сапарының рухани мәні

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау және өңірлердегі индустриялық дымудың жай-күйін көзбен көру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанат Омарбекова, Кәрібай Мұсырман және Асылбек Смағұлов өңірлерге жұмыс сапары аясында Ақмола облысының Степногорск қаласындағы Еуропалық мойынтірек (подшипник) зауытының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында халық қалаулылары өндіріс цехтарын аралап, кәсіпорынның қуаттылығымен танысты. Бұл күні зауыт жұмысшылары мен инженерлері депутаттарға өз сұрақтарын қойды.

Мәжіліс депутаттары облыстың индустриалдық қарқынды дамуына оң бағасын беріп, еліміздің бизнес орындарын ғана тапсырыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелдік нарыққа да шығуына мүмкіндік алғандығын атап өтті.

"Біз өндіріс процесін көріп, жұмысшылармен пікір алмастық. Бұл жерде зауыт қызметкерлері үшін барлық жағдай жасалған. Әлеуметтік жеңілдіктермен қоса үш мезгіл аспен қамтылған. Орташа жалақы - 130-150 мың теңге. Әр жұмысшыға сапалы медициналық көмек көрсетіледі", - деді Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова.

Бүгінде зауыт ИСО 9001-2001 сапа менеджмент жүйесінің тәртібі бойынша жұмыс істеуде. Ақмола облысының кәсіпкерлерді қолдау картасы аясында 2015 жылдың желтоқсан айынан бері «Степногор подшипник зауытында «ЭПК-Мәскеу» зауытында өндірген сфералық подшипниктердің номенклатурасын аудару» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба басталғалы 127 504 жаңа үлгідегі подшипник, оның ішінде 40955 сфералық подшипник өндірілген. Кәсіпорын жылына 1,9 млн. подшипник шығаруға қауқарлы.

Жұмыс сапары барысында депутаттар қалалық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, медицналық сақтандыру, әйелдердің зейнетке шығу жасы, зейнетақы қорындағы қаражаттың сақталуы турасында бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Ақшам-ақпарат



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert