Елбасы Жолдауының рухани мәні

Өткен апта ішінде жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жерлестеріміз тарапынан қолдауға ие болды. Осыған орай Достық және шығармашылық үйінің қабырғасында қоғам белсенділері, этно-мәдени бірлестік пен қала ұйымдарының өкілдері дөңгелек үстел аясында бас қосты.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа жолдауы еліміздің осы кезеңдегі дамуының қорытындыларын шығарып, жеткен жетістіктерімізді саралап, алдағы уақытта атқаратын істеріміздің бағытын айтқындайтын маңызды құжат. Биылғы жолдау бағдарламасы да алға қойған нақты міндеттерімен ерекшеленуде. Дәл осы тақырыптар аясы қоғам белсенділерінің қатысумен ұйымдастырылған дөңгелек үстел төңірегенінде кеңінен талқыланды.

Алғашқылардың қатарында болып сөз алған ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Ләззат Құсайнова жолдауда көрсетілген 10 міндеттерді баяндап, оның негізгі бағыттары жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Келесі сөз тізгінін алған қалалық «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Шолпан Жұмабекова жолдаудағы білім беру саласындағы өзгерістер жайында ой өрбітіп, бүгінгі қолға алынған шаралар ертеңгі саналы ұрпақты тәрбиелеуде маңызды бағыт екендігін алға тартты.

Басқосу жалғасында қоғамдық бірлестік өкілдері де пікірлерін ортаға салып, бұл ретте «Женский луч» ҚБ-нің директоры Оксан Волкова-Михальсая Мемлекет басшысының жолдауынан әрбір азамат өзіне қажетті бағытты таңдай алады деген ойымен бөлісті. Сөз жалғасында баяндамашы маңызды құжат еліміздің өркендеуіне орасан септігін тигізіп, жолдауда айқындалған міндеттерді жүзеге асыруда қоғам белсенділері әрдайым қолдау көрсететінін жеткізді.

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты жолдауды талқылау барысында сөз тізгінін алған қалалық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қайырым Кабар басым бағыттардың айқын екендігін және алдағы уақытта оны атқаруда қолға алынатын жұмыстарға бір кісідей ат салысу қажет деген пікірін білдірді.

Маңызды ой-пікірлер ортаға салынған дөңгелек үстел барысына жетекшілік еткен қала әкімінің орынбасары Гүлназ Әбілова «Алға қойған мақсаттар айқын, ал бізге тек оның жүзеге асыру қажет» -деп жиынды қорытындылады.

Фариза ШӘМШИЕВА



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert