Энергокешен мен рухани бағыттар

Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі қала кәсіпорындарында да жалғасты. Осындай кездесу өткен жұма күні Степногорск қаласындағы «Степногорск Энергокешен» ЖШС кәсіпорнында да болып өтті. Мұнда шаһар басшысы Әнуар Күмпекеев Степногорск қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндама жасады.

Осында болған кездесу өте тартымды өткені рас. Қала энергетиктері жыл сайын елеулі еңбегімен көзге түсіп келеді. Жылу бар жерде өмір бар, жарық та солай. Онсыз тіршілік болмайды. Сол үшін энергетиктереңбегі құрметке лайық. Тек қалада ғана емес, қала маңындағы кенттердің тіршілігі осыған байланысты болып отыр.
Жұрт алдында баяндама жасаған қала басшысы қол жеткізген табыстарды да атап өтті. Өзара пікір алмасу, сұрақ-жауап негізінде өткен ұшарасуда көптеген мәселелер сөз болды. Қала мен Заводской кентіне баратын тас жолдың жағдайы, ықшамаудандарда құрылып жатқан спорттық алаңдар жайы айтылды. Мұның өзі халықты бұқаралық спортқа тартуда басты мәселе болып отыр. Спортпен шұғылданушылар қатары жыл сайын артып келеді.
Тас жолдардың жөндеуі кең етек жаяды. Изобильное ауылының тас жолы қалыпқа келтіріледі. Ақкөлге баратын жол да жөнделеді деп жоспарланған. Шаңтөбе кенті мен Балқашино ауылына баратын жол да міндетті түрде жөнделмекші. Осылай деген қала басшысы зор міндеттерді алға қойып отырғанын жасырмады.
Ықшамудандардан спорт алаңшаларын салу ісі биыл да жалғасады. 6-ықшамауданнан воркаут элементтері бар алаң бой көтереді. Ол 9-ықшамауданда да салынады.

Энгергокешенде болған кездесу маңыздылығымен есте қалды.

Ақшам-ақпарат



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepakimkan@mail.ru
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert