Есеп берудің рухани мәні

Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев 2017 жылдың қорытындысы туралы тұрғындар алдында есеп берді. Өткен бейсенбі күні шаһар басшысы "СТХК« ЖШС басқармасында есеп беру жиналысын өткізді.

Еңбек ұжымында болған басқосуда қала абсшысы Степногорск қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы ақпараттандырды. Химиялық комбинат жұмысшылары баяндамаға аса назар салып, өздерін қызықтырған сұрауларын да жолдады.

Атапа йтқанда, орталық базар маңындағы жаяу жүргіншілер жолы мәселесі, нысанды жалға беру жайы, 9-17 мекенжайындағы тұрғын үй жеделсатысы сынды мәселелер көтерілді. Қала әкімі барлық сұрақтарға нақты жауаптар қайтарды.

Қала әкімінің халық алдында есеп беру науқаны демократиялық мәнде өтіп жатты. Ашық жарқын сөйлесу мен пікірлесу тұрғындар үшін де ыңғайлы болған. Толғандырған мәселені дер кезінде шешкеннің мәні үлкен. Сол үшін кеңесіп пішкен тон келте болмайды. Қала әкімі осындай мәселелерге көңіл бөліп отыр. Кездесулерде айтылған талаптар ескеріліп барады.

Ақшам-ақпарат



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepakimkan@mail.ru
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert