Жаңғыруға қатысты жағымды істер

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында республика көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Солардың қатарында қаламыздың «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мен «Степногорск қалалық оқыту-әдістемелік орталығы» КММ бірігіп бірнеше шаралар өткізілді.

Бағдарламаның мақсатын жүзеге асыру аясында «Батыр БЖК мен №3 көпсалалы – лицей мектебі базаларында спорт саласындағы бапкерлер мен қалалық мектептердің қазақ тілі оқытушылары арасында кездесу өтті. Жиында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша Степногорск қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» бас маманы Б.Е.Айтпаева баяндама жасаумен бірге мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту оны дамыту мақсатында 2017 жылғы атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Степногорск қалалық оқыту-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырумен өткізілген «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық байқауының нәтижесі жарияланып,жүлделі орындарды иелеген оқытушылар алғыс хаттар және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын графикасына көшу мәселесін алға қойған болатын., Латын графикасына көшудің алғы шарттары мен маңыздылығы туралы «Степногорск қалалық оқыту-әдістемелік орталығы» КММ директоры Кабар Хайрым түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Латын әріптерін қолдану арқылы біз қандай мүмкіндіктерге ие боламыз сол жайында кең ауқымда талқыланды.

Рухани жаңғыру аясында орталығымызда басқа да іс-шаралар жүзеге асырылуда. Түрлі сабақтармен қатар жергілікті газеттерге және де әлеуметтік желілерге мақалалар жариялануда. Мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін үйреніп жүрген тыңдаушыларымыз ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 8 қаңтардан бастап сынақ тапсыруда.

Б.Д.Байборанова, «Степногорск қалалық оқыту-әдістемелік орталығы» КММ оқытушысы

Страница создана: 02.02.2018 09:28
Страница обновлена: 02.02.2018 09:28
Просмотров:


ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert