Жолжаудың мәні маңызды

Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауы еліміздің осы кезеңдегі дамуының қорытындыларын шығарып, жеткен жетістіктерімізді саралап, алдағы уақытта атқаратын істеріміздің бағытын айтқындап беру үшін жасалатынын білесіздер.

Бүгінгі әлемдегі төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде өрге жүзген өркениеттің көшінен қалып, әлемдік жаһандану үдерісіне жұтылып кетпеу үшін Елімізді дамытудың барлық бағдарламлары бар екенін атап көрсетті, Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қалады деді-Елбасы.

Биылғы Жолдау жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді» деп атап көрсетті Елбасы. Мұнайдың шелегі тесілсе, тіршіліктің желегі қай тарапқа өркен жаймақ?

Осы тұрғыда төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізе отырып, Бізге жағаласу міндет емес, жарысу міндет екенін, Жарысқанда уақытты созу міндет емес, алға озу міндет екенін, Мидың талшығы қимылдамаса, уақыттың балшығына бату оңай екенін, Жазған белді буатын, озған елді қуатын кез келгенін, Қай қыратта қылта бар, соны іздеу керек екенін Елбасы біздің алдымызға қойып отыр.

Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында елімізді дамытудың он міндетін нақтылап берді.

БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек.

ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

«Жасыл» технологияны дамытып, баламалы энергия үлесін ұлғайту міндетін қойды.

ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.

ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет.

БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға одан әрі кепілдік береді.

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тездету қажет.

ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.

Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.

Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.

Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде.

Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.

Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді.

2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет.

Орыс тілін білу маңызды болып қала береді.

2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.

Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.

«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.

Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.

Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуге тапсырма берді.

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.

«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет.

ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.

ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

«Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады.

Міне, Елбасының нақтылап берген басым бағыттары осылар. Ендігі кезекте ел болып, еңселі іске үлес қосуға тиіспіз.

Атқарған іс бір бөлек, біткен іс бір бөлек. Бітіретін ісімізді іздейік. Біздің кемшілігіміз-кемшілікті көп іздейміз. Тырнақ астынан кір іздеген адамға күннің де көзінен күңгірт бір кінәрат табуға болады. Омыраулатқыш, қоңыраулатқыш ой өрісімізге өзгеріс керек. Бір-бірімізді көзге шұқымай, жағадан жұлқымай өмір сүруге кірісу керек. Рухани жаңғырудың да басты мәні-ОСЫНДА!

Шын шеберлік жетістікті жетілдіру арқылы қалыптасады. Жетістікті жетілдіру керек! Елбасының бізге айтқысы келген ойы осындай деп түсінемін!

Назарларыңызға рахмет!

«Степногорск қалалық

оқыту-әдістемелік орталығы» КММ

директоры Қайырым КАБАР

Страница создана: 18.01.2018 10:55
Страница обновлена: 18.01.2018 10:55
Просмотров:


ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert