Кездесулердің рухани мәні артуда

Халық алдында есеп беру жылдағы дәстүр. Биыл да Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев солай жасауда. Қалалық орталық аурухана ғимаратының мәжілістер залында болған кездесуге сала мамандары көптеп жиналды. Басқа да медициналық мекемелердің қызметкерлері осында келген болатын. Басты байлық - денсаулық. Осылай деп есеп беріп отырған қала басшысы сала мамандарының өткен жылды табысты аяқтағанын атап көрсетті. Денсаулық сақтау жұмыстары аумағымызда біршама жолға қойылған. Маман тапшылығы болмаса, басқа жағы оңынан жетіліп жатыр. Өткен жылы он дәрігер жұмысқа орналасқан. Қала мен оның маңайындағы ауыл аймақтардың тұрғындары денсаулық сақтау саласына байланысты шағым айтпайды. Бұл саланың жақсы жолға қойылып жатқанын көрсетеді.

2017 жылы негізгі көрсеткіштердің бәрі орындалған деп отыр баяндамашы. Бала туу көрсеткіші де артқан. Ана өліміне жол берілмеген. Нәрестелердің шетінеуі де кеміген.
Енді маман тапшылығын шешудің де жолдары қарастырылып жатыр. Сол арқылы түйткілдердің шешімі табылады.
Ақмола облысы әкімінің тапсырмасымен медицина мамандарын толықтыру жолға қойылуда. Жоғарғы медициналық оқу орындарымен келісім жасалып, алдағы уақыттарда жас дәрігерлерді қаламызға тарту көзделген. 13 студент осы бағытта білім алып жатыр.
Қалалық орталық ауруханада болған кездесу келелі мәселелерді шешуге бағытталды. Қала әкімінің есебі жақсы жағымды жаңалықтарымен көңіл қуантты. Берілген сұрақтарға жауаптар қайтарылды. Абаттандыру мен тазалық мәселесі, жол жөндеуі мен жарықтандыру жайлары қарастырылды. Бұл бойынша оң нәтижелер болады деген қала басшысы келер күннен мол үміт күтуге шақырды. Жаңартылып жатқан қаламыз әлі жаңғыра береді. Су, жол желілері жаңарған. Медицина саласы да осылай жақсы жолға қойылуда.
Кездесудің рухани мәні үлкен екені көрінді.

Ақшам-ақпарат



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert