Помощь в размере 15 тысяч тенге получат социально уязвимые слои населения

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекіту шеңберінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жұмыста қолдану үшін төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге шығындарды өтеу қағидалары әзірленді. Мемлекет мамыр айы үшін сәуір айында, мамыр айы үшін маусым айында шығындарды өтейтін болады. 15 мың теңге көлемінде көмек халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Мәртебесі расталғаннан кейін ақша коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің есеп шоттарына аударылады. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің жеке шоттары болған жағдайда коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар тұлғалар санаты:

1) 1, 2, 3 топ мүгедектері;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4) көп балалы отбасылар;

5) зейнеткерлер ең төменгі зейнетақы және одан кем;

6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, соның ішінде жалғызілікті зейнеткерлер.

Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін тұтынушылар жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және Жеке шотының деректерін ұсына отырып, жергілікті атқарушы органға 5-53-70, 5-53-71, 5-53-72 телефоны бойынша өтінім береді.

Страница создана: 04.05.2020 17:43
Страница обновлена: 04.05.2020 17:43
Просмотров: 431



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: kence@stepnogorsk.gov.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2020 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert