Рухани жаңғыру – заман талабы

Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылдың сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ жазуының латын әрпіне көшуі жайлы жоспарына тоқталып, нақты тапсырмалар берілген болатын. Осы мақаланы насихаттау мақсатында №1 кітапханада «Латын әліпбиі уақыт талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге әр саланың мамандары қатысып, өз ойларымен бөлісті. Қатысушы Қайбалдиева Айнұр, мен латынға көшуді қолдаймын деп, әрі Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия өз жұмысын соңына дейін жеткізеді деп сенемін, әрине, қолданыстағы қаріптерді латынға ауыстыру үдерісі - бірнеше саланы қамтитын әрі бірнеше жылға созылатын, ұлттың тағдырына тікелей қатысты мемлекеттік саяси науқан екендігі туралы өз ойын айтты. Сөз алған №176 мектеп кітапханасының кітапханашысы Асанова Айман – негізінде латын алфавитін балабақшаларда, орта мектептерде және ЖОО – ында үйрету керек. Яғни, оны жазу мен оқуды үйретудің бірнеше сатылы мемлекеттік әдістемелерін ойластыруы тиіс. Олар қандай деңгейде жұмыс жасау керектігі анықталуы керек және де осы аталған мәселелерді мемлекет тарапынан қадағалайтын, бақылайтын арнайы қызметкері болуы керектігі туралы айтты.

Қортытындылай айтқанда, әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын алфавитін үйрену, жаза білу және оқи білу қазақ еліне артық болмайды. Кейінірек біртіндеп үйрену, меңгеру арқылы өзіндік алфавитін қалыптастыра түседі. Бірақ, латын алфавитіне көшуде өте асығыстық жасамай, біріншіден алфавиттің ортақ тоқтам жасалған нұсқасын анықтау керек. Екіншіден, оны үйрету мен оқытудың мемлекеттік механизімін жетілдіріп, белгілі бір жүйе қалыптастыру қажет. Үшіншіден, халықтың өзі саналы түрде оны меңгеруге талпыныстар жасауы тиіс деп қортындылады №176 мектептің «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің мұғалімі Таңсықбаева Жайдаркүл.

Баспасөз қызметі



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert