Руханият пен ізгілік

Ит жылын жарқын жүзбен қарсы алу Степногорск қаласында кең етек жайды. Тауық жылын қимай шығарып салған балақайлар ертеңгіліктерде өнер көрсетуге тырысып бақты. Сол үшін балалар сыйлықтарға да кенде болмады.

Күн сайын сыйлық алып үйреніп қалған өнерпаз балалар қуанышында шек болмады.

Жаңа жыл сыйлықтарын кәсіпорындар да ұсынып бақты. Сондай өнегелі ұжымның бірі - «Цеснабанк» АҚ қаламыздағы бөлімшесі болатын. Банк филиалының жетекшісі М.К.Сейтқалиев қаладағы мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жыл сыйлықтарын ұсынды. Тәтті сыйлықтар балаларға өте ұнады. 12 сыйлық табыс еткен банк ұжымы жылды табысты қорытындылап отыр.

Балаларға әлеуметтік көмек көрсеткені үшін оларға алғыс айтамыз дейді әлеуметтік қорғау бөлімінің мамандары.

Полатбек ЖАНБАЕВ



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert