Спорт және руханият

Степногорск қаласы спорттық нысандарымен көзге көрініп, бұқаралық спортты кең өрістетуде. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында да бұл жайлы айтылған. Біздің қалада ашылған көп функциялы спорт алаңдары халық игілігіне қызмет етіп отыр. ОРман бағы аумағы сондай спорттық нысандарға кенелді, ол қысқы маусымда сырғанақ алаңларына ацналған. Осы тұрғыда ондағы нысандар облыстық ХХХII «Хрусталды масақ» спартакиадасын өткізуге қауқарлы.
Биылғы жылдың 1-3 наурызы күндері біздің Степногорск қаласында қысқы спорттың тоғыз түрінен жарыстар болады деп күтілуде. Ақмола облысы бойынша өтетін бұл додалы жарысқа 800-дей спортшы қатыспақшы.
Қысқы ойындарға әзірлік ерте бастан басталып кетті. Оның ұйымдастыру кеңесі де қаламызда болып отыр. Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмат Түкмағамбетов бұл туралы ақпарат таратты. Спорт түрлеріне дайындық, ол туралы мәліметтер айтылып жатыр. Қалалар мен аудандардан келетін спортшыларды күту, тамақтандыру және жатын орындармен қамтамасыз ету жайлары анықталуда.

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Зухра Қартбаева қала келбетін әрлендіру жайын сөз етті. Мереке өзіне сай өтуі қажет. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айсұлу Тани мәдени-бұқаралық іс шаралардың өту кестесін таныстырды. Спартакиаданың ашылу және жабылу рәсімдерінің мәнін ашып көрсету жайын айқындау лазым. Қысқы спартакиаданы дер кезінде әзірліктермен бастап, мерзімінде ойдағыдай аяқтасақ, ол өзімізге абырой болмақ. Сол үшін бар мүмкіндіктерді қолдануымыз керек. Қауіпсіздік іс-шараларын да ұмытуға болмайды. Кезекшілік ұйымдастырылып, дәрігерлер көмегін дайын етіп қойған жөн. Жергілікті полиция қызметін күшейтіп, кезекшілікті қырағы етіп ұйымдастырған мақсатқа сай келеді.

Мұндай алқалы дода мұнан он сегіз жыл бұрын ұйымдастырылған болатын. Сол үшін осындай ізгі істі қырағылықпен атқарып, қала атына кір келтірмеуіміз керек. Қаламызда спорттық нысандар аз емес. Сол үшін оны тиімді пайдаланған жөн.

Ақшам-ақпарат

Страница создана: 02.02.2018 09:34
Страница обновлена: 02.02.2018 09:34
Просмотров:


ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepnogorsk_kanz@akmo.kz
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert