Өз қаламды сүйемін

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Үлгілі балалар кітапханасы 19 қаңтар күні «Эрудит» клубы аясында «Бұл менің қалам» атты интеллектуалды ойын өткізді. Ойын мақсаты: Қаланың мәдени орындарымен, тарихи - сәулеткерлік ескерткіштерімен таныстыру. Отанымызға, туған елімізге, туған қаламызға деген сүйіспеншілігін арттыру. Шараға №5 КМЛ ағылшын тілі мұғалімі А.К.Базарбаева, 6 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Достық» тобы және №7 ОМ 6 «А» сынып оқушыларынан құралған «Отан» тобы, сынып жетекшісі А.Б.Смайлова қатысты.

Бұл ойын өте қызықты да, тартымды өтті. Нәтижесінде, «Достық» тобы жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар берілді.

Кітапхана баспасөз қызметі



ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: 021501, Акмолинская область, город Степногорск, 4 мкр, 1 зд.
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (71645) 6-14-25, факс: 6-21-75; ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: stepakimkan@mail.ru
ПО ВОПРОСАМ ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ ОБРАЩАТЬСЯ ПО ТЕЛЕФОНАМ: 8 (71645) 6-16-42
НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2018 акимат города Степногорск
разработка портала IT-Expert